Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне микрокредиттік ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 28 наурыздағы № 398-II Заңы

Информация о документе
Датапятница, 28 марта 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 марта 2003

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
микрокредиттік ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 28
наурыздағы № 398-II Заңы


2001 ж. 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж. № 5-6, 24-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) мынадай мазмұндағы 168-1-баппен толықтырылсын:

"168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заңдардың талаптарын бұзу

1. Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттік ұйымдар туралы заңдарға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабілеттігі шегінен тыс операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы, -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының елу процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Микрокредиттік ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамасында "микрокредиттік ұйым", "МКҰ" деген сөздерді немесе микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратындығын көздейтін олардан туындаған сөздерді пайдалануы, -

заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."

2) 541-баптың бірінші бөлігі "163" деген цифрдан кейін ", 168-1" деген цифрлармен толықтырылсын;

3) 572-баптың бірінші бөлігіндегі "168-171" деген цифрлар "168, 169-171" деген цифрлармен ауыстырылсын;

4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма жетінші абзацы "163" деген цифрдан кейін "168-1" деген цифрлармен толықтырылсын.


Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом