Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 403-II Заңы

Информация о документе
Датапонедельник, 7 апреля 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 7 апреля 2003

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мұнай өнімдерінің
жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу
мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 7 сәуірдегі № 403-II Заңы


1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; 2003 жылғы 18 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 15 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 13 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

"12-1) мұнай өнiмдерiн өндiру;".

2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Бiртұтас деректер базасы" - мердiгерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен беретiн ақпараттың негiзiнде қалыптастырылатын мұнай өндiрудiң және (немесе) оның айналымының көлемі туралы электрондық деректер базасы.";

2) 5-бап мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:

"6-1) мұнай экспортын реттейдi, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждарының ставкаларын, мұнай экспортына квоталарды бекіту (өзгерту) жолымен реттейдi;

6-2) мұнайды көлiктiң әр түрлерiмен тасымалдауға сандық шектеулер (квоталар) белгiлейдi;

6-3) мұнай өндiрудiң және оның айналымының бiртұтас деректер базасын жүргiзу тәртібін белгiлейдi;

6-4) мұнай өндiрудiң, сақтаудың және оның айналымының технологиялық процесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарының сақталуын бақылау жүйесiн ұйымдастырады;";

3) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-4) тармақшамен толықтырылсын:

"7-4) кен орнын әзiрлеу жобасына сәйкес мұнай өндiрудi, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асырады.".

2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом