Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 30 сәуірдегі № 420 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.11.04 ж. № 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдiк несиелендiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 1018 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 317-құжат):
2, 3, 4-тармақтарда «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнен» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесiнде:
2, 3, 13-тармақтарда «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiне», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «және т.б.», «Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тәртiппен» деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзац алынып тасталсын;
16-тармақта «несие беру сәтіндегі бағамен» деген сөздерден кейiн»(Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жыл сайын бекітілетiн қаулысына сәйкес несие мөлшерiн оқу жылында 1 студенттi оқыту шығыстарына кейiннен индекстеу арқылы)»деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының бүкіл мәтіні бойынша «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген сөздер «Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақ»(ауыру» деген сөзден кейiн», мемлекеттік білім гранттары бойынша оқытуға көшiру)»деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi мемлекеттік органдар жыл сайын Қазақстан Республикасының Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органына жоғары оқу орындарына аударылған несие қаражатының сомасы туралы, мамандықтар топтары бойынша жоғары оқу орындары мен қарыз алушылар бөлiнiсiнде несиелердi өтеу және игерiлмеген қаражатты қайтару сомасы туралы мәлiметтер, Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға тиiстi қаржы-экономикалық негiздемелермен және есептеулермен бiрге мемлекеттік білімдiк және мемлекеттік студенттiк несиелердi қайтарудың болжамды көлемi туралы мәлiметтер берiп тұрады»;
2) ҚР Үкіметінің 11.11.04 ж. № 1180 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |