Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 12 мая 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 12 мая 2003

Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын
ресми түсiндiру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің
2003 жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, A.K.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Республика Парламентi Сенатының депутаты Е.Ж.Жұмабаевтың,

Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйiшевтiң,

Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,

Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесi В.К.Фоостың,

Республика Әдiлет вице-министрi М.Қ.Раевтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К.Котовты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң, отырысқа қатысушылардың сөздерiн және сарапшы - заң ғылымының кандидаты, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң доцентi Қ.Ж.Қапсалямовтың қорытындысын тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн конституциялық iс жүргiзуге қабылдады, бұл өтiнiште өтiнiш субъектiсi мынадай сұрақтарды түсiндiрудi сұрайды:

1) "Парламент депутатының өкiлеттiгi тоқтатылады" және "Парламент депутаты өз мандатынан айрылады" деген ұғымдардың мазмұны мен заңдық салдары жағынан ара қатынасы қандай?

2) Парламент депутатына қатысты заңдық күшiне енген айыптау үкімі бар болған жағдайда Парламент Палатасы оны өз мандатынан айыру немесе айырмау туралы шешiм қабылдауға хақылы ма?

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом