Введите номер документа
Прайс-лист

Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тыс қайта өңдеу кеден режимдері аяқталған кезде қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу ережесі (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 ж. 7 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 7 мая 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 7 мая 2003

Қазақстан Республикасының

Кедендік бақылау агенттігі

төрағасының

2003 жылғы 7 мамырдағы № 187

бұйрығымен бекітілген

Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тыс қайта
өңдеу кеден режимдері аяқталған кезде қайта
өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу ережесі
1. Жалпы ережелер

1. Осы Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тыс қайта өңдеу кеден режимдері аяқталған кезде қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 163, 187-баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимін аяқтаудың, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу кеден режимін қайта өңдеу өнімдерін әкету кезінде аяқтаудың тәртібін айқындайды.

Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимі не қайта өңдеу өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағына белгіленген мерзімдерінен кешіктірілмей қайтарылуымен, не қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларды тауарлардың экспорты кеден режиміне орналастырумен аяқталуы тиіс.

Қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу аяқталғаннан күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілуі немесе өзге кеден режимімен орналастырылуы тиіс.

2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тыс

қайта өңдеу кеден режимін аяқтау шарттары

2. Қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының кеден аумағына/аумағынан қайтару/әкету мынадай шарттар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:

1) уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысында көрсетілген қайта өңдеу үшін әкетілген/әкелінген шикізаттың толық пайдаланылуы;

2) Қазақстан Республикасының кеден аумағына/аумағынан қайта өңдеу өнімдерін бір немесе бірнеше партиямен шығару нормаларына сәйкес қайта өңдеу процесінде алынған қайта өңдеу өнімдерінің іс жүзінде әкелінуі/әкетілуі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами