Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1748 тiркелген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа
шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы №
554 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 109 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.15.09. № 108 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноттарын шығаруды, орналастыруды, айналысқа шығаруды және өтеудi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 1748 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 28 қаңтар-10 ақпандағы № 3 (226) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесінiң:
5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5 Аукцион - ең жоғары дисконттелген бағадан бастап және аукционның жарияланған талаптары шегінде кесiмдi бағамен аяқталатын (бағалардың көптiгiн қанағаттандыратын) Бастапқы агенттiң өтiнiмдерiнде көрсетiлген дисконттелген баға бойынша тиiстi эмиссияның қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру.";
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: