ҚР Ішкі істер министрінің 2015.24.02. № 150 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің
2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығына
2-қосымша
Алып қойылған, ерікті тапсырылған, тауып алынған қару және
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, ішкі істер
органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және сақталуын
қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
(2006.25.07. берілген өзгерістермен )
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.25.07. № 372 бұйрығымен мәтін өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже ішкі істер органдарының алып қойылған, ерікті тапсырылған, тауып алынған атыс және газды қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш-заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдау, есепке алу, сақтау, басқа ұйымдарға беру бойынша жұмыс тәртібін анықтайды.
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.25.07. № 372 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Тыл департаменті бөлімінің қоймасында, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД тылдық қамтамасыз ету басқармалары бөлімдерінің қоймаларында (бұдан әрі - ТҚБ немесе ТҚб) тұрған алып қойылған, ерікті тапсырылған, тауып алынған атыс, суық қарулардың, оқ-дәрілердің жарылғыш заттар мен материалдардың, оқ-дәрінің, суық қарулардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің (бұдан әрі - Министр), Ішкі әскерлер қолбасшысының Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД) бастықтарының бұйрықтарының негізінде Ішкіісминінде, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД-де тұрақты әрекет етуші техникалық комиссиялар құрылады.