Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен
Ресей авиация-ғарыш агенттiгi арасындағы Қазақстан Республикасының
сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардың Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер
даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында
жалпығарыштық дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы Хаттама
ҚР Үкіметінің 02.06.03 ж. № 510 қаулысына сәйкес осы хаттамаға қол қоюға келісім берiлдi
Бұдан әрi "Жiберушi тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі және бұдан әрi "Қабылдаушы тарап" деп аталатын Ресей авиация-ғарыш агенттiгi, бұдан әрi бiрге "Тараптар" деп атала отырып,
Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Ресей Федерациясының ?кіметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 2000 жылғы 19 маусымдағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бұдан арғы ынтымақтастық туралы меморандумды басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясы ғарыш саласының басшыларымен Мәскеу қаласында 1999 жылғы 1 сәуiрде болған кездесуiнде қол жеткiзiлген Қазақстан Республикасының екi ғарышкерiн дайындықтан өткізу туралы уағдаластыққа opaй,
ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы екi жақты ынтымақтастықты дамытуға талпынысты негiзге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне екi кандидаттарды ғарышкерлер даярлайтын Ю.А.Гагарин атындағы Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында (бұдан әрi - Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО) жалпығарыштық дайындықтан өту үшiн қабылдайды.
2-бап
Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне екi кандидаттарды жалпығарыштық дайындықтан өткізу бойынша шығындарды өтеу Қабылдаушы тарапқа жүктеледi.
Көрсетiлген шығындар: