Банктiк депозиттiк сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1199 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан
Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 21 сәуірдегі № 140 қаулысы
(2016.31.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы ред. қара
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ережесi мен құрылымын бекіту туралы» 1999 жылғы 11 тамыздағы № 188 Жарлығы негiзiнде бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту жөніндегі шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттерi - екiншi деңгейдегi банктер шығаратын банктiк депозиттiк сертификаттар бағалы қағаздар деп танылсын.
2. Банктiк депозиттiк сертификаттарды меншiктi бағалы қағаздар (акцияларды қоспағанда) эмиссиясына және депозиттер қабылдауға, заңды және жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашуға және жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктер шығаруға құқылы деп белгiленсiн.