Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы № 437-II Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датасреда, 11 июня 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 11 июня 2003

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру мәселелері
бойынша толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы № 437-II
Қазақстан Республикасының Заңы


Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгізілсін:

1. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 жылғы 13 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

"5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;";

2) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) жекеше нотариустардың осы Заңның 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолданады;".

2. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

"4-1) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді;".

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. А. Назарбаев








































 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом