Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 566 қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 566 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсін:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.