Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 447 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 маусымдағы № 620 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 26 июня 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 января 2009

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 447 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 26 маусымдағы № 620 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерінің құнын анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 447 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 119-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесінде:

12-тармақтың 2-кестесіндегі реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Тастан, ерекше күрделі, қабырғалары кiрпiш, қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiштен, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар

                             0,7                     143";

13-тармақтың 5-кестесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "қамыс қаңқалы                             0,6";

14-тармақтағы "коэффициентi (К айм.) қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады" деген сөздер "коэффициентiн (К айм.) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкiне салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау жөніндегі уәкiлетті органдар жергіліктi атқарушы органдармен келісім бойынша анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкiне салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау жөніндегі уәкiлеттi органдармен аймаққа бөлу коэффициентiн келiссiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Д. Ахметов





























 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом