Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық
жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының - Қазақстан Республикасының еншілес сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын құратын, иеленуші Қазақстан Республикасының
резиденті еместердің құрылтайшылары немесе акционерлері болып табылатын
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың рейтингіне
қойылатын талаптарды және осы рейтингті беретін Рейтинг агенттіктерінің
тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 ж. 4 шілдедегі № 222 қаулысы
(ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 304; 2005.26.03. № 103
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25.02. № 55 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5, 6-тармақтарына, 18-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-1-тармағына, 52-бабының 1-2-тармағына және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 304 (бұр. ред. қара); 2005.26.03. № 103 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді