Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкiметі арасындағы Астрахань -
Красный Яр - Қазақстан Республикасы шекарасы -
Атырау (Ақтөбе-Астрахань) автомобиль жолындағы
Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпір өткелiнiң
құрылысы жөніндегі бiрлескен iс-қимыл туралы
Келісім
Келісімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 835қаулысына сәйкес мақұлданды
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі:
екi мемлекеттiң өңiрлерi арасындағы өзара алмасулар мен сауда экономикалық байланыстар үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,
жыл бойы сенiмдi және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттiгiн негiзге ала отырып,
Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасы шекарасы - Атырау (Ақтөбе-Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі бiрлескен iс-қимыл туралы шешiм қабылдауды iске асыруға ниет ете отырып, төмендегiлер туралы келiстi.
1-бап
Осы Келісімде:
"көпiр" терминi деп Қиғаш өзенiнiң негiзгi арнасы арқылы өтетiн автожол көпiрi ұғынылады;
"шекаралық көпiр өткелi" терминi деп автожол көпiрi, сондай-ақ oған қосалқы кiреберiстер мен шектес автомобиль жолдары ұғынылады.
2-бап
Осы Келісімдi iске асыру жөніндегі қызметтi үйлестiрудi тараптардың уәкiлеттi органдары:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі;
Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Көлiк министрлігі және Астрахань облысының әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытылы хабардар етiледi.
3-бап
Тараптар шекаралық көпiр өткелiн салудың мынадай қағидаттары туралы келiстi:
а) көпiр өткелiн жобалау және салу үшiн тараптардың уәкiлеттi органдары тепе-теңдiк негiзде бiрыңғай тапсырыс берушiнiң қызметiн құрады;