Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 904 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 8 сентября 2003
Статус
Действующийвведен в действие с 8 сентября 2003
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 904 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркi» мемлекеттік мекемесi оған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Зерендi балық питомнигi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен;

2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетi «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Шiдертi уылдырық шашу-өсiру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен;

3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қарағанды балық питомнигi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жезқазған балық питомнигi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркi» өз аумағындағы көлдер ихтиофаунасының биологиялық әркелкiлiгiн сақтау мақсатында қаумал режимi аймағында балық қорын молайту бойынша жыл сайынғы жұмыстарды шектеулi шаруашылық қызметi және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер қаражатының есебiнен жүргiзсiн.

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» республикалық мемлекеттік кәсiпорны жыл сайын балықтың шабағын шығаруды балық ресурстарына келтiрiлетiн шығынды өтеу мақсатында биологиялық негiздемеде көзделген санда жүргiзсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегі қажеттi шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом