Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 29 шiлдедегi № 1184
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1005 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы .№ 206 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөнiндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 29 шiлдедегі № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына мыналар енгізiлсiн:
Әбдiшев - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Бауыржан Түйтейұлы бақылау агенттігi төрағасының
орынбасары
Дауранов - Қазақстан Республикасының
Шамиль Абдулович Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі Экономикалық саясат және
индикативтiк жоспарлау департаментінің
директоры
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрi;
мына:
"Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау бiрiншi вице-
министрi - Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi";
көрсетiлген құрамнан Аймақов Бауыржан Жаңабекұлы, Айсағалиева Софья Серiкбайқызы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы, Рахметов Нұрлан Құсайынұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | Д. Ахметов |