Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 429 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 13 қарашадағы № 150C қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 429 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 13 қарашадағы № 150C қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі органдарының ақпараттық жүйелерiн дамыту, бipіктіру және сараптамалық талдау (техникалық және заңи) жөніндегі қызметтердi алу, мамандарды ақпараттық технологияларға, ақпаратты қорғауға және корпоративтi телекоммуникациялық желiлерге оқыту".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.