Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1216-нөмiрмен тiркелген «Мектепке дейiнгi және жалпы білім беретiн білім беру ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 729 бұйрығы
(2005.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен күші жойылды
Қазақ-түрiк лицейлерiнде білім алушылардың құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, қазақ-түрiк лицейлерiнде оқу-тәрбие процесiн жетiлдiру және оқыту сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейiнгi және жалпы білім беретiн білім беру ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына (1216 - нөмiрмен тiркелген, 2000 жылғы қыркүйектегi «Шығармашылық педагогика» журналының № 4 санында жарияланған; 1632 нөмiрмен тiркелген, 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 595 бұйрығына толықтырулар енгiзiлген; 2053 нөмiрмен тiркелген, 2002 жылғы 3 қазандағы № 713 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: