Введите номер документа
Прайс-лист

«Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 29 қарашадағы № 1202 қаулысы

Информация о документе
Датасуббота, 29 ноября 2003
Статус
Действующийвведен в действие с 29 ноября 2003
Дата последнего изменениясуббота, 29 ноября 2003

"Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратын республикалық
меншiкке берудiң кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 29 қарашадағы № 1202 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Астана қаласында салынған "Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратын (бұдан әрi - ғимарат) жабдықты, жиһазды және мүкәммалды қоса алғанда, оны пайдалануға берген сәттен бастап республикалық меншiкке беру туралы ұсынысына келісім берiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген объектiлердi республикалық меншiкке қабылдау және оларды Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң теңгерiмiне беру жөніндегі қажеттi iс-шараларды жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Көлiк және коммуникациялар министрлігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен, "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамымен, "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсiпорнымен бiрлесiп, ғимаратты республикалық меншiкке беру шарттарын белгiлесiн.

4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратын ұстау және пайдалану жөніндегі шығындарды 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасына енгiзудi және "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң "Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратын ұстау" бюджеттік бағдарламасының бiрыңғай әкiмшiсi ретiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігін белгiлеудi қамтамасыз етсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом