Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 43 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 43 қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы № 43 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киім-кешектiң жаңа үлгiлерiне көшуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

4-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Учаскелiк полиция инспекторларының, кәмелетке толмағандар iстерi жөніндегі инспекцияның, патрульдiк күзет қызметiнiң, жол полициясының, мемлекеттік күзет қызметiнiң, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының қоғамдық тәртiптi сақтау жөніндегі қызметтi өткеру кезеңiнде киетiн нысанды киім-кешегi

Күнқағары бар, қара түстi мех құлақшын, қысқы әйелдер кепкасы, қара-көк түстi жүн фуражка, сарғыш түстi нысанды әйелдер кепкасы, қара-көк түстi күнқағары бар кепка, ылғалдан сақтайтын материалдармен көмкерiлген қысқы мех күрте, жүннен тiгiлген шымқай-көк түстi әйелдер пальтосы, қара-ақ түстi былғары костюм (күрте, шалбар), жылы костюм (күрте, комбинезон), қара түстi әйелдер плащы, қара түстi маусымдық күрте, қызмет өткеруге арналған (ашық жағасы бар күрте, шалбар) қара-көк түстi костюм, сарғыш-сүр түстi әйелдер мундирi, қара-көк түстi китель-юбка, шымқай-көк түстi жүннен тоқылған свитер, қызыл түстi матамен жиектелген, сыртқа қайырылған қара-көк түсті шалбар, сия-көк түстi ұзын және қысқа жең жейделер, сия-көк және ашық-көк реңдермен қиыстырылған, ұзын және қысқа жең жейделер, сия-көк түстi ұзын және қысқа жең жейделер (әйелдер жейделерi), ақ түстi ұзын және қысқа жең жейделер, ақ түстi ұзын және қысқа жең жейделер (әйелдер жейделерi), әйелдердiң қосарланған қара галстугi, сия-көк түстi ұзын жең футболка, сия-көк түстi қысқа жең майка-футболка, сия-көк түстi жеңi жоқ майка, қара және көк түстi кашне, қара түстi былғары қолғап, плащ-жамылғы, желбей күрте, сигналдық кеудеше, қара түстi ұзын қонышты хром бәтеңке, қара түстi жылы қысқа қонышты етік, әйелдердiң жылы етiгi, қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке, қара түстi әйелдер туфлиi, қара түстi хром етiк, қара түстi жүндi терiден тiгiлген ұлтанды етiк, қара түстi былғары жабдық, жалтырауық материалдармен көмкерiлген ақ жабдық.

Бас киімдер кокардалармен, ал нысанды киім-кешек заттары погондармен, шымқай-көк түстi жең белгiсiмен және омырау белгiлерiмен (жетондармен) жабдықталады".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!