Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда № 2373 тіркелген «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 321-НҚ бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағаның міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда № 2373 тіркелген, «Ресми газетте» 2003 жылғы 19 шілдедегі № 29 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесіндегі:
1) 1-тармақтың:
9) тармақшасындағы: