Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 151 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 9 февраля 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 ақпандағы № 151 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларға спорт резервiн сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгінiң Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:

1) Кәсiпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне бекiтуге ұсынуды қамтамасыз етсiн;

2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов












































































 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом