Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Үкіметі арасындағы Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім (Жоба) (2004 жылғы 16 қаңтар)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Үкіметі арасындағы Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім (Жоба) (2004 жылғы 16 қаңтар)
Датапятница, 16 января 2004
Статус
Действующий
Дата последнего измененияпятница, 16 января 2004

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Үкіметі
арасындағы Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау,
өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 47 қаулысымен мақұлданды

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Үкіметі (бұдан әрi - Тараптар),

бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық қоғамдастықтар мен олардың мүше мемлекеттерi арасындағы әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы 1995 жылғы 23 қаңтардағы келісімдi басшылыққа ала отырып,

қазiргi сыртқы экономикалық қатынастарды нығайтуға және кеңейтуге ниет білдiре отырып,

экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастықты теңдiк пен өзара пайда негiзiнде көтермелеуге және тереңдетуге ұмтыла отырып,

осы Келісім екi жақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту үшiн қолайлы алғышарт және негiз болатынына сене отырып,

экономиканы одан әрi дамыту кезiнде қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәнiн тани отырып,

өз мемлекеттерiнiң қолданыстағы ұлттық заңнамасы шеңберiнде,

мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде экономика, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсiп, техника және технологиялар саласындағы қатынастарды дамытуды және тереңдетудi жалғастыратын болады.

2-бап

Тараптар 1-бапта белгіленген мақсаттарға сәйкес өз мүмкiндiктерi шеңберiнде кәсiпорындар, ұйымдар, бiрлестiктер, (бұдан әрi - кәсiпорындар), сондай-ақ өз мемлекеттерiнiң мекемелерi арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар орнатуға және дамытуға ықпал ететiн болады.

3-бап

Осы Келісім шеңберiнде ынтымақтастықтың бiрлескен жобалары мен басқа да нысандарын жүзеге асыру кезiнде Тараптар техниканың жаңа деңгейiне сәйкес қазiргi заманғы, ресурс үнемдеушi және экологиялық таза технологияларды қолданатын болады.

4-бап

Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде және осы Келісімнiң 3-бабының ережесін ескере отырып, мынадай салалардағы ынтымақтастыққа ықпал ететiн болды:

ауыл және орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы мен орманшылыққа арналған техника;

тамақ өнiмдерiн өндiру: ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу, жинақтау, қаттау және тасымалдау;

тауарлардың әлемдiк рыноктағы бәсекеге қабiлеттi өндiрiсiн қоса алғанда, жеңiл өнеркәсiп;

тау-кен өндiрушi өнеркәсiбiне арналған жабдықтар өндiрiсiн, ауыл шаруашылық машина жасауды қоса алғанда, машина жасау және металл өңдеу;

электронды және электротехникалық өнеркәсiп;

конверсияны қоса алғанда, қазiргi жабдықтарды қалпына келтiру, жаңғырту, автоматтандыру;

энергияның балама көздерi (желдiң, биомассаның және басқалардың энергиясы);

металлургия және металлургиялық кешендердi салу;

тау-кен өнеркәсiбi;

медициналық және фармацевтiк өнеркәсiп;

мұнай өндiру және мұнай-химия өнеркәсiбi;

газ өнеркәсiбi;

өсiмдiктердi қорғау құралдарын қоса алғанда, химия өнеркәсiбi;

құрылыс материалдарын өндіpу;

тұрғын үй құрылысы және өңiрлерде әлеуметтiк инфрақұрылым объекттерiн салу, құрылыс өнеркәсiбiн қалпына келтiру және жаңғырту;

электр станциялары мен электр желiлерiн кеңейту және қалпына келтiру;

қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғау технологиялары;

денсаулық сақтау және медициналық техника;

қаржы саласы мен банктiк қызметтер көрсету саласы;

маркетингтiк және консалтингтік қызметтер көрсету;

технологиялар мен ноу-хауды беру, қолданбалы зерттеулер.

5-бап

Тараптар мынадай салаларда табиғатты қорғау мен экономикалық қолайлы инфрақұрылым жүйелерiн дамыту жөніндегі ынтымақтастыққа неғұрлым зор мүдделiлiк танытатын болады:

ауыл шаруашылығы;

табиғатты қорғау;

темір жол;

әуе тасымалдары;

су көлiгi;

жол салу;

коммуналдық қызметтер көрсету;

телекоммуникациялар;

энергетика;

су шаруашылығы;

қоқысты қалдықсыз қайта өңдеу;

туризм.

6-бап

Өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде:

1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Конференциясының Туризм және халықаралық сапарлар туралы (Рим, 1963 жыл) және Туризм және туристiк код туралы хартиясы (София, 1985 жыл) ұсынымдарының негiзiнде туризмдi дамытатын болады.

2. Туризм саласындағы жобаларды iске асыру кезiнде, сондай-ақ тиiстi инфрақұрылымдарды құру кезiнде кәсiптiк, экономикалық, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау мен туристiк қызметтер көрсетудiң жоғары сапасының негiзiн қалайтын қағидаттарынан туындайтын болады.

7-бап

Өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде Тараптар 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөніндегі Париж конвенциясы негiзiнде зияткерлiк меншiктi қорғау мен оны енгізуге ықпал ететiн болады.

8-бап

Өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде Тараптар ынтымақтастықтың мынадай нысандарына айрықша назар аударатын болады:

өндiрiс қуаттарын неғұрлым тиiмдi пайдалану, қалдығы аз әрi қалдықсыз өндiрiстердi енгізу, өндiрiстiк шығындарды азайту және бәсеке қабiлеттiгiн арттыру мақсатында кәсiпорындар арасындағы кооперациялық келісімдер;

осы Келісімде көзделген салаларға инвестициялар;

қолданбалы зерттеулер саласындағы бiрлескен жобаларды жүзеге асыру;

экспортқа шығарылатын өнiмге қойылатын техникалық талаптарды үйлестiру;

табиғатты қорғауды қоса алғанда, зерттеулер жүргiзу, сондай-ақ тиiстi сараптама қорытындыларын дайындау;

бiрлескен семинарларды, симпозиумдарды, конференциялар мен сарапшылық кездесулердi ұйымдастыру және өткізу;

маркетинг, стратегиялық жоспарлау және өндiрiстi басқару саласында консультациялық қызметтер көрсету;

экономикалық, техникалық және табиғатты қорғау мәселелерi бойынша көрмелер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу, миссиялар және сарапшылармен алмасу;

мемлекеттік мекемелерге арналған техникалық көмек және ноу-xaу алмасу.

9-бап

Тараптар мемлекеттерiнiң кәсiпорындары арасындағы экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық осы Келісім шеңберiнде коммерциялық негiзде және нарық экономикасының қағидаттарына сай жүзеге асырылатын болады.

10-бап

Тараптар шағын және орташа кәсiпорындардың екi жақты экономикалық ынтымақтастыққа неғұрлым терең қатысуының пайдалылығы мен қажеттiлiгiн таниды және қазiргi мүмкіндiктер мен өз мемлекеттерінiң қолданыстағы ұлттық заңнамасы шеңберiнде осы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететiн болады.

11-бап

Әрбiр Тарап өз мүмкіндiктерi шегiнде, сондай-ақ өз мемлекетiнiң қолданыстағы заңнамасы шеңберiнде екiншi Тараптың, ең алдымен, техника, сыртқы сауда, экономиканы басқару, қоршаған орТаны қорғау, туризм, өнеркәсiптiк меншікТІ құқықтық қорғау, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, банктiк, қаржы және сақтандыру қызметтерiн көрсету саласындағы кәсiпорындар мен мекемелердiң мамандары мен менеджерлерiн оқытуға және олардың біліктiлiгiн арттыруға ықпал ететiн болады.

12-бап

Тараптар өз мемлекеттерiнiң кәсiпорындарына даулы мәселелердi, бiрiншi кезекте, достық келiссөздер жолымен шешуге ұсыным жасайды. Егер келісімге қол жеткізiлмесе, онда Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) әзiрлеген сот ережелерiн пайдалануға немесе Шетелдiк төрелiк шешiмдердi тану және орындауға келтiру туралы конвенциясына (Нью-йорк, 1958 жылғы 10 маусым) қатысушы болып табылатын мемлекеттiң төрелiк сотының көмегiне жүгiнуге ұсыным жасайды.

13-бап

1. Екi жақты ынтымақтастықты тереңдетуге және дамытуға жәрдемдесу мақсатында осы Келісіммен Қазақстан-австрия экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) құрады. Комиссия отырыстары уағдаластыққа сәйкес және Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасында кезектесiп өткiзілетiн болады.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

екі жақты сыртқы экономикалық байланыстардың жай-күйiн талқылау және дамыту;

экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастықты жақсарту және қарқындандыру мақсатында ұсыныстар әзiрлеу;

бiрлескен жұмыстардың басымдықтарын айқындау;

осы Келісімнiң мақсаттарын iске асыру үшiн ұсынымдар енгізу болып табылады.

3. Осы Келісімдi түсiндiру туралы Тараптар арасындағы келiспеушiлiктер Комиссия шеңберiнде шешiлетiн болады.

4. Комиссияның бiрiншi отырысы шеңберiнде Тараптар қаржыландыру тәртібін қоса алғанда, Комиссия жұмысын регламенттейтiн шешiм қабылдайды.

14-бап

1. Осы Келісім Австрияның Еуропа Одағына қатысуынан туындайтын мiндеттемелердi қозғамайды. Осыны негiзге ала отырып, осы Келісімнiң ережелерi Тараптардың Еуропа Одағы туралы Шарттан немесе Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қоғамдастығы арасындағы келісімдерден немесе Тараптар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын мiндеттемелерiн ешқандай жағдайда бұзатындай немесе қозғайтындай қолдануға немесе түсiндiруге болмайды.

2. Осы баптың 1-абзацын қолдану жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда Тараптар бiрлескен консультациялар өткiзедi.

15-бап

Осы Келісімнiң мерзiмi өзгеруi немесе аяқталуы осы Келісімнiң қуану мерзiмi iшiнде Тараптар кәсiпорындарының арасында жасалған шарттарды орындауға кедергi болмайды.

16-бап

Тиiстi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi сақтау кезiнде осы Келісімге Тараптардың өзара келісімi бойынша осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және олар осы Келісімнiң 17-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.

17-бап

1. Осы Келісім күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған айдан кейiнгi үшiншi айдың бiрiншi күнiнен бастап осы Келісім күшiне енедi.

2. Осы Келісім үш жылға жасалады және егер Тараптардың бipeуi осы Келісімдi қолдану мерзiмiнiң аяқталуына дейiн үш ай бұрын дипломатиялық арналар бойынша екiншiсiне оны бұзу ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбермеген болса, келесi жылға өздiгiнен ұзартылатын болады.

200 ___ жылғы ________ _________ қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, немiс және орыс тілдерiнде жасалды әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей.

Қазақстан Республикасының

 

 

 

 

Австрия Федералдық

Үкіметi үшін

 

 

 

 

 

Үкіметі үшiн
































































 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!