Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 237 қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 27 февраля 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 февраля 2004

"Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 237 қаулысы

"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрi Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметiнiң негізгi мәнi Қазақстан Республикасында мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгізу, әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыру үшiн қаражатты уақытылы аудару, уақытша бос қаражатты қаржы құралдарына Қазақстан Республикасының ?кіметі белгiлеген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы орналастыру, жыл сайын аудит жүргізу болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi белгiленген тәртiппен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берсiн.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамның құрылтайшы төлейтiн жарғылық капиталының 45950000 (қырық бес миллион тоғыз жүз елу мың) теңге мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен қалыптастырылуын;

2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн және Қоғам жарғысының бекітілуiн қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-54-жолмен толықтырылсын:

"21-54. "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" АҚ";

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне

279. "Мемлекеттік әлеуметтiк

сақтандыру қоры" АҚ".

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д. Ахметов






 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом