Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engіneerіng)» ұлттық компаниясы» ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 295 қаулысы (ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датасреда, 10 марта 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 10 марта 2004
Дата последнего изменениясреда, 10 марта 2004

"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық
акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 10 наурыздағы № 295 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. Мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекеме жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен акционерлік қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - Серiктестiк) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "811-әскери зауыты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны "ҚИ 811-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлік қоғамына;

2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "832-әскери зауыты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны "ҚИ 832-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлік қоғамына;

3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң "Бронетанк жөндеу зауыты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны "Семей инжиниринг" акционерлік қоғамына;

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Арнайы материалтану ғылыми-зерттеу институты тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiрiсiмен бiрге" мемлекеттік мекемесi "Арнайыматериалтану" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгіне.

2. Қоғамдар мен Серiктестiк қызметiнiң негiзгi бағыты қорғаныс, екi ұдай және азаматтық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, жаңғырту және сату болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамдар мен Серiктестіктiң жарғыларын бекiтудi және оларды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi;

2) Қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн және Серiктестiктiң мемлекеттік қатысу үлесiн "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) "Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 121-құжат):

5-тармақ алынып тасталсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов






























 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом