Введите номер документа
Прайс-лист

Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы № 317 қаулысы

Информация о документе
Датасуббота, 13 марта 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 13 марта 2004

Ұлттық бiрыңғай тестiлеуді енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы № 317 қаулысы

Білім берудiң сапасын және білiм беру ұйымдарының білім беру қызметiн мемлекеттік бақылаудың тиiмділiгін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң жалпы орта білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн қорытынды мемлекеттік аттестаттау мен орта кәсiптiк (бұдан әрi - колледждер) және жоғары кәсiптiк (бұдан әрi - ЖОО) оқу орындарына қабылдау емтихандарын бiрiктiрудi қамтамасыз ететiн ұлттық бiрыңғай тестілеудi енгізу туралы ұсынысы 2004 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары шегiнде қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) 2004 жылы жалпы орта білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн қорытынды мемлекеттік аттестаттауды және колледждер мен ЖОО-ға түсу үшiн конкурстық iрiктеу өткізу кезiнде оның нәтижелерiн есепке алуды көздейтiн ұлттық бiрыңғай тестiлеуге көшудi қамтамасыз етсiн;

2) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекiтсiн;

3) ұлттық бiрыңғай тестiлеу рәсiмiн iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында қажеттi нормативтік құқықтық кесiмдердi қабылдасын;

4) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткізу пункттерiн құру жөнiнде шаралар қабылдасын;

5) Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігімен бiрлесiп, ұлттық бiрыңғай тестiлеудi ұйымдастыру әрi өткізу мәселелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария ету үшiн шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі оқушылардың тестiлеу пункттерiне бару және қайту жолдарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткізуге арналған емтихандық материалдардың сақталуы мен тасымалдануын қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткізуге арналған емтихандық материалдарды жеткізудiң қауiпсiздiгi мен құпиялылығын қамтамасыз етсiн.

5. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi ұлттық бiрыңғай тестiлеу өткізудi ұйымдастыруға көмек көрсетсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом