Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 428 қаулысы (күші жойылды)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 428 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1253 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Алтын белгi» белгiсi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 374-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
3-тармақтағы «Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі» деген сөздер «Білім және ғылым министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Алтын белгi» белгiсi туралы ережеде:
2-тармақтың 3) тармақшасы мен соңғы абзацы алынып тасталсын және 2) тармақшадағы «өткен» деген сөзден кейiн «оқушылар марапатталады.« деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.