Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 442 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 20 апреля 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 ноября 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 442 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 680 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшін» 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауын халықтың салымдарын өтеу мерзiмiн ұзарту бөлiгiнде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 48, 482-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1) 2-тармақтағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесінде:

3-тармақтағы «үш шығарылыммен» деген сөздер алынып тасталсын;

7-тармақта:

«облигациялар шығарылған сәттен бастап бiр жылдың iшiнде» деген сөздер «2004 жылдың аяғына дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) қосымша шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1936 - 1940 жылдары туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына»;

20-тармақтағы «облигациялар шығарылған сәттен бастап бiр жылдың iшiнде» деген сөздер «2004 жылдың аяғына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом