Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда№ 1720 болып тіркелген «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекітутуралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11желтоқсандағы № 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы № 154бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қамау түріндегі жазалау, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өлім жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы № 167 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нормативтік-құқықтық реестрінде № 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 4, 784-құжат) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2002 жыл, № 7-8, 542-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: