Тiркелген № 2647, "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік
сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрі мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 29
желтоқсандағы № 201 бұйрығына № 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 77 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005.02.06. № 75 бұйрығымен күші жойылды
Бұйырамын:
1. Тiркелген № 2647 "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 201 бұйрығына (2004 жылғы 3 сәуірдегi № 54 "№ 2647 тiркелген, "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 201 бұйрығына, № 1 өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы" - тiркелген № 2806) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасында:
1) бюджет кiрiстерiнiң сыныптамасында:
3 "Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кiрiстер" санатында 02 "Мемлекеттік қорлардан тауарлар сату" сыныбындағы 1 "Мемлекеттік қорлардан тауарлар сату" кiшi сыныбында мынадай мазмұндағы 04 спецификасымен толықтырылсын:
"04 Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сатудан түсетiн түсiмдер";
6 "Жалпы қаржыландыру" санатында 03 "Өзге қаржыландыру" сыныбындағы 1 "Мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдер" кiшi сыныбында мынадай мазмұндағы 03 спецификасымен толықтырылсын:
"03 Республикалық меншiктегi және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер";
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
275 және 618 бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының барлық мәтiнi бойынша мынадай редакцияда жазылсын:
"275 Астана қаласының Күрделi құрылыс департаментi";