Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін реформалау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы № 630 қаулысы (ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 872 қаулысымен енгізілгені өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 7 июня 2004
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөніндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 7 маусымдағы № 630 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 872
қаулысымен енгізілгені өзгерістерімен)

 

ҚР  Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 872 қаулысымен 1-тармақ өзгерді

1. Мынадай құрамда Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын:

     Ахметов               - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
     Даниал Кенжетайұлы      төраға
 
     Дунаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi,
     Арман Ғалиасқарұлы      төрағаның орынбасары
 
     Жәмiшев               - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
     Болат Бидахметұлы       және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                             жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның
                             орынбасары (келісім бойынша)
 
     Өзбеков               - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Ғани Нұрмұхамедұлы      вице-министрi, хатшы
 
     Орынбаев              - Қазақстан Республикасы Президентінің
     Ербол Тұрмаханұлы       Әкiмшiлiгі басшысының орынбасары -
                             экономикалық саясат басқармасының
                             бастығы (келісім бойынша)
 
     Марченко   
     Григорий Александрович   - Қазақстан Республикасы Президентінің 
                                көмекшiсi (келісім бойынша) 
 
     Келiмбетов            - Қазақстан Республикасының Экономика
     Қайрат Нематұлы         және бюджеттік жоспарлау министрi
 
     Сәйденов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
     Әнуар Ғалимоллаұлы      Төрағасы (келісім бойынша)
 
     Асанов                - Қазақстан Республикасының Әдiлет
     Жақып Қажманұлы         вице-министрi
 
     Ысқақов               - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Марлен Нұрахметұлы      министрлігі Салық комитетiнiң төрағасы
 

2. Комиссия 2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлесiн және Үкіметке енгiзсiн.

3. Комиссияға қажет болған кезде Комиссияның қызметіне қатысу үшiн Қазақстан Республикасы мүдделi мемлекеттік органдарының мамандарын тарту құқығы берiлсiн.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

 

Д. Ахметов





























 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом