Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1997 жылғы 29 шiлдедегі
№ 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 665
Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы .№ 206 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 шiлдедегi № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Мемлекеттік статистиканы жетілдiру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрамына:
Есiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы Министрінің орынбасары, төраға
болып енгiзiлсін;
мына:
"Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау бiрiншi вице-министрi -
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік санитарлық дәрiгерi"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау вице-министрi - Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрiгерi";
көрсетiлген құрамнан Григорий Александрович Марченко шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |