Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы № 688 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 22 июня 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 июля 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы
№ 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы № 688
Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Жануарлар мен өсiмдiктердiң жекелеген түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе бөлшектерiн Қазақстан Республикасына әкелудi және одан тысқары жерлерге әкетудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Құрып кету қатерi төнген жабайы өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның (Вашингтон қаласы, 1973 жылғы 3 наурыз)" күшi қолданылатын жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе бөлшектерiн Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.";

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

1 бағанда "Жабайы жануарлар, жабайы өсiмдiктер" деген сөздерден кейiн "(Құрып кету қатерi төнген жабайы өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның күшi қолданылатындарынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

1 бағанда "Піл сүйегi, маралдың мүйiзi, тұяғы, жас маралдың мүйiзi, маржандар және осыған ұқсас материалдар" деген сөздерден кейiн "(Құрып кету қатерi төнген жабайы өсімдіктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның күшi қолданылатындарынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

Д. Ахметов



























 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом