Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 585-II Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датапятница, 9 июля 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 9 июля 2004

Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды
және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" заң
күшi бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
2004 жылғы 9 шілдедегі № 585-II Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесiн қара

Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 21, 277-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; № 18, 157-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

"8) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу - жылжымайтын мүлiкке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген барлық қолданыстағы құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды), оның iшiнде тiркеу жүйесi енгiзiлгенге дейiн туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) тiркеу жолымен тiркеушi орган белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында өткiзетiн бiржолғы iс-шара.";

2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

"3-1-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық

ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу

1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi тiркеушi орган жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеуден өтпеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқық иелерi туралы деректердi толықтыру мақсатында жүргiзедi.

2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік органдардың өзара iс-қимыл тәртібін, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзудiң аумағы мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом