Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 23 қарашадағы
№ 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шілдедегі
№ 775 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.10.04 ж. № 1059 ;2005.15.03 ж. № 231
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 231 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 49-50, 575-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының аумағы 4-шi және 5-шi сағаттық белдеулерде орналасады деп белгiленсiн. Республиканың әкiмшiлiк- аумақтық құрылысына сәйкес сағаттық белдеулердiң шекарасы Ақтөбе облысы мен Қостанай облысының, Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының, Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысының арасында өтедi.";
4-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 15.10.04 ж. № 1059 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 231 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |