Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 819 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 2 августа 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 июня 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 2 тамыздағы № 819 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 45, 449-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесінде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"10. Объектілер салу үшін жер телімін сұраған кезде жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер телімін таңдау алдын ала жүзеге асырылады.

Объект салу үшін жер телімін таңдауды жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) жүзеге асырады".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом