Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 2591 тiркелген,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Мемлекеттік емес
облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тiркеу және облигацияларды
орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау ережесін бекіту
жөнiнде" 2003 жылғы 27 қазандағы № 385 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу
мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 12 шілдедегі № 193 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005.30.07. № 269 қаулысымен күші жойылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау ережесін бекіту жөнiнде" 2003 жылғы 27 қазандағы № 385 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2591 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 25 басылымдарында 2003 жылғы 01-14 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау ережесi: мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Ипотекалық облигациялар мынадай жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн:
1) ақшамен;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен;