Введите номер документа
Прайс-лист

Қалпына келтірілетін қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың әкетілуіне тыйым салуды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 908 қаулысы (2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 27 августа 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 декабря 2016

Қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың әкетiлуiне тыйым салуды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 908 қаулысы

(2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 769 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8-бабына сәйкес, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару және дайын өнiм экспортын ынталандыру есебiнен iшкi өндiрiс көлемiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН коды 4707) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуiне тыйым салынсын.

ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.

4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом