2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай
Халық Республикасының Yкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы
жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негiзгi келісімге Хаттамаға
қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3
қыркүйектегі № 930 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негiзгi келісімге Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімге Хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |