Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 197с қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 17 сентября 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 17 сентября 2004
Дата последнего измененияпятница, 17 сентября 2004

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 197с қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 357-қосымшада:

мемлекеттік тілдегі мәтіндегі 5-тармақта:

"радиобақылау және радиоөлшеу жабдығының, сондай-ақ "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының бір бөлігін қалыптастыру, радиобақылау пункттерінің болуы" деген сөздер ""Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру, радиожиілік спектрінің радиомониторингілеу жүйесін және азаматтық пайдаланымдағы радио сәуле шығару құралдарының деректерін есепке алу жүйесін техникалық сүйемелдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

мемлекеттік тілдегі мәтініндегі 6-тармақтағы кестенің 5-бағанында:

"капиталының бір бөлігін" деген сөз "капиталын" деген сөзбен ауыстырылсын;

"10000 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздер "20 190 мың теңге, соның ішінде ғарыш аппараттарын жерден басқару кешенін және байланыс мониторингінің жүйесін дайындауға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеуді өзіне қамтитын" деген сөздермен ауыстырылсын;

"19 үй-жайды күзету; 19 стационарлық радиобақылау пункттерін (СРБП) ұстау; 19 СРБП үшін үй-жайларды жалға алу; арнайы автокөлік үшін 26 боксты жалға алу; 26 автокөлікті ұстау; байланыс қызметтері - 19 аппарат" деген сөздер "15 үй-жайды күзету; 15 стационарлық радиобақылау пункттерін (СРБП) ұстау; 15 СРБП үшін үй-жайларды жалға алу; арнайы автокөлік үшін 6 боксты жалға алу; 6 арнайы автокөлікті ұстау"; "байланыс қызметтері - 15 аппарат" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Республикалық радиожиілік тағайындау дерекқоры үшін электронды түрде деректерді берудің бөлінген желісінің жобасын әзірлеу және енгізу." деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом