Введите номер документа
Прайс-лист

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2004 жылғы 30 қыркүйек) (Күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 30 сентября 2004
Статус
Утратил силу

Жоба

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы

 

2005 ж. 13 маусымдағы № 57-III ҚР Заңын қара

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 30 қыркүйектегі № 1007 қаулысымен Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлдi

 

Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын iске асырған кезде туындайтын қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу және валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тәртібін айқындайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) базалық актив - бағасына туынды қаржы құралының құны тәуелдi қаржы құралы, көрсеткіш немесе тауар;

2) валюта - мемлекеттер заңды төлем құралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлi немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған (оған қоса айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбастауға жататын) монеталар түрiндегі қолма-қол жасалатын және қолма-қол жасалмайтын ақша нысандары құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктеріндегі қаражат;

3) валюталық операциялар:

валюталық құндылықтарға меншiк құқығының және өзге де құқықтардың өтуiне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалануға байланысты операциялар;

валюталық құндылықтарды, сондай-ақ ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелу, жiберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жiберу және аудару;

4) валюталық құндылықтар:

шетел валютасы;

номиналы шетел валютасымен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;

тазартылған құйма алтын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом