Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Щучинск аудандық пайдалану бөлiмі» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қазандағы № 1045 қаулысы (2014.27.06. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 12 октября 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 12 октября 2004
Дата последнего изменениячетверг, 10 июля 2014

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Щучинск аудандық пайдалану бөлiмі» мемлекеттік мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қазандағы № 1045 қаулысы

(2014.27.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 298-11 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимитi шегiнде 12 бiрлiк штат санымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Щучинск аудандық пайдалану бөлiмi» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi мемлекеттік мекеме) құрылсын.

2. Мемлекеттік мекеменi қаржыландыру әкімшісi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі болып табылатын бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) мемлекеттік мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом