Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 шілдеде №
1922 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде
тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 13
маусымдағы № 229 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25
қыркүйектегі № 134 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы № 229 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1922 тіркелген, 2002 жылғы 27 шілдеде "Казахстанская правда" газетінің № 162-163 және 2002 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінің № 171 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесінде:
1-тармақта "жүргізеді" деген сөз "жүзеге асырады" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: