Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы № 1076 қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 19 октября 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 19 октября 2004
Дата последнего изменениявторник, 19 октября 2004

Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 19 қазандағы № 1076 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

04 "Білім беру" деген функционалдық топта:

225 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген әкiмші бойынша:

012 "Білім беру объектілерін салуға және құруға облыстық бюджеттерге, Алматы қалалық бюджетiне берілетін мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада:

"Ақмола облысы Ерейментау ауданының Ерейментау қаласында Бөгенбай батыр атындағы қазақ мектебiне қосымша құрылыс салу" деген жолдағы "114230" сандар "112719" деген сандармен ауыстырылсын;

"Ақтөбе облысы Темір ауданының Тасқопа кентiнде 320 орынға арналған Теректі орта мектебін салу" деген жолдағы "134100" деген сандар "132500" деген сандармен ауыстырылсын;

"Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қараой селосында 504 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "119980" деген сандар "117600" деген сандармен ауыстырылсын;

"Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған селосында 600 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "614000" деген сандар "698630" деген сандармен ауыстырылсын;

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының Асан селосында 120 орынға арналған мектеп салу" деген жолдағы "92000" деген сандар "91320" деген сандармен ауыстырылсын;

"Жамбыл облысы Жуалы ауданының Талапты селосында 250 орынға арналған мектеп салуды аяқтау" деген жолдағы "109380" деген сандар "102770" деген сандармен ауыстырылсын;

"Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Жыңғылды селосындағы мектеп-интернаттың 200 орынға арналған жатақхана-интернатын салу" деген жолдағы "122910" деген сандар "114560" деген сандармен ауыстырылсын;

"Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жетiбай кентiнде 624 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "283990" деген сандар "282002" деген сандармен ауыстырылсын;

"Павлодар облысы Павлодар ауданының Набережное селосында 420 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "312440" деген сандар "307563" деген сандармен ауыстырылсын;

"Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласы қалалық әкiмшiлiгiнің Қарашық селосы Новостройка бөлiмшесінде 900 орынға арналған мектеп салу" деген жолдағы "240000" деген сандар "193632" деген сандармен ауыстырылсын;

"Атырау қаласының "Сельстрой" шағын ауданында 624 орынға арналған орта мектеп салу" деген жолдағы "430000" деген сандар "419734" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом