Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 1247 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датасреда, 1 декабря 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 1 декабря 2004
Дата последнего изменениявторник, 30 сентября 2014

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 1247 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң «Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесі одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 229-қосымшада:

010 «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету» деген бағдарламада:

«Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде:

5-бағанда:

үшiншi абзацта:

«576» деген сандар «409» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

«Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь - 167 бiрлiк;";

төртiншi абзацтағы «госпиталін;»деген сөзден кейін «Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталін» деген сөздермен толықтырылсын;

бесiншi абзацтағы «госпиталь» деген сөзден кейiн», Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» деген сөздермен толықтырылсын;

7-бағандағы «госпиталь,»деген сөзден кейiн», Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь;»деген сөздермен толықтырылсын;

3) ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214  қаулысымен  күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Д.К. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом