Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Жамбылсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1318 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 14 декабря 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң «Жамбылсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1318 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң «Жамбылсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны оның құрамынан «Таразсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсіпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Су ресурстары комитетi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды және кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану мен жөндеу, мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстарын Қырғыз Республикасымен бiрлесiп пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгіленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;

2) Кәсiпорынның әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов


 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом