Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1319 қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1319 қаулысы
Датавторник, 14 декабря 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 14 декабря 2004

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1319
қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) "Теңiзшевройл" жауапкершілігі шектеулi серiктестігіне (бұдан әрi - ТШО) ТШО мен "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Қазақойл" ҰМК) арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуiрдегі Қазақстан Республикасында сатып алғаны үшiн өтеудi төлеуге қатысты Қарыз туралы шарт және ТШО, "Қазақойл" ҰМК және "Трансошен Шеврон Компани" компаниясы арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында ақша қаражатын беру туралы сұрау салуларға ақы төлеуге қатысты Қарыз туралы шарт бойынша (бұдан әрi бiрлесiп - Қарыздар туралы шарттар) Қарыздар туралы шарттар бойынша негiзгі борыштың және осы қаулы күшiне енген күнге көрсетілген қарыздар бойынша есептелген және капиталдандырылған пайыздар сомасына мемлекет салымының мөлшерiне Қоғамның жарғылық капиталына борыштардың талап ету құқықтарын заңнамада белгiленген тәртiппен қосу туралы ұсынысына келісім берілсiн.

2. Қоғам (келісім бойынша) заңнамаға сәйкес:

1) Қазақстан Республикасы, ТШО, "Теңiзмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi, "Трансошен Шеврон Компани" және "Шеврон Оверсиз Компани" компаниялары арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуірдегі Жоба бойынша келісімге (кейiнгі өзгерiстермен және толықтырулармен бipгe) сәйкес берiлген пропан-бутан фракциясы мен жеңiл көмiрсутегілердiң кең фракциясының көлемi үшін берешекті дисконттау туралы қол жеткiзілген уағдаластықтарды ескере отырып, Қарыздар туралы шарттар бойынша берешектi өтеу есебiне түсетiн ақша қаражатының есебiнен қазақстандық тараптың ТШО алдындағы берешегін өтеу жөнiнде қажетті шараларды қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының ?кіметімен келісім бойынша Қарыздар туралы шарттар бойынша берешекті, өтеу есебiне түсетiн ақша қаражатына билiк етудi қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi және Қоғам (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы қызметiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 сәуірдегі № 497 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!