Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2819 тіркелген,
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы
қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы
қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және
беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін
бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 62 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 25 қазандағы № 300 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25.02. № 61 Қаулысымен күші жойылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2819 тіркелген, Агенттіктің 2004 жылғы "Қаржы хабаршысы" № 4-5 басылымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: