«Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» № 2217 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 476-НҚ бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) және 6-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеуінің Тізілімінде № 2217 нөмірмен тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 17 мамырда № 20 нөмірмен жарияланған) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
4-тармақтағы:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: