Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебініңтізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекітужөнінде» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 241 қаулысына өзгерістер енгізутуралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының2004 жылғы 22 қарашадағы № 160 қаулысы
2011 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 241 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2467 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 22 қыркүйек - 5 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
6-тармақта:
1) және 2) тармақшаларда «және оған қосымшалар» деген сөздер алынып тасталсын;
5)-8) тармақшалар алынып тасталсын;
7-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: